аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 10

  • Просмотров 5516
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

факторлы бағалауда маңызды айырмашылықтар бар. Оның негізгі себебі болып Хекшер-Олин теориясы негізіндегі жорамалдар табылады. 2.4. Леонтьев Парадоксы. Хекшер-Олин теориясының негізгі қорытындылары эмпирикалық тексеріске душар болды. Статистикалық деректер Хекшер-Олиннің теориясын даттады. Әйгілі зерттеу 1977ж американ экономисті Леонтьевпен жүргізіледі. Оның есептеуі бойынша американдық экспортта салыстырмалы түрде

еңбекті көп қажет ететін тауарлар көп, ал импорт құрамында капиталды көп қажет ететін тауарлар. Оның зерттеулерінің нәтижесі халықаралық сауданың неоклассикалық түсінігін даттап, экономика ғылымына «Леонтьев Парадоксы» атымен кірген. Леонтьев Парадоксына сәйкес еңбекті толық елдер капиталды көп қажет ететін өнімді экспорттап, ал капитал толық елдер еңбекті көп қажет ететін тауарды экспорттайды. Леонтьев Парадоксы

Хекшер-Олин теориясын тікелей қолдануға маңызды ескерту болып табылады және қосымша жағдайларды есепке алуды қажет етеді. Олар: - біліктілік бойынша ерекшеленетін жұмыс күшінің әркелілігі, осы себеп бойынша өндірістік дамыған елдер экспортында салыстырмалы жоғарғы білікті жұмыс күшінің артықтылығы көрсетіледі, ал импортта салыстырмалы білікті емес жұмыс күшінің жеткіліксіздігі көрсетіледі. Бұл уақытта дамуына елдер

білікті емес жұмыс күшін көп қажет ететін өнімді экспорттайды. - бірлесудің қажеттілігі, әсіресе табиғи ресурстарды өндіру саласының үлкен капитал мөлшерлерімен бірлесу, сондықтан көптеген дамушы елдерде бай табиғи ресурстары мен экспорттау капиталды көп қажет етеді, бірақта капитал бұл елдерде мол өндіріс факторлары болып табылмайды. Бұл АҚШ-тың шикізатты импорттай отырып, капиталды көп қажет ететін тауарды импорттайды. -

импортты шектейтін және өндірісті ынталандырумен өндірістің дефицит факторларын қолданатын сала өнімін экспорттайтын халықаралық саудаға сыртқы сауда саясатының әсер етуі. 2.5. Халықаралық сауданың балама теориялары. Халықаралық сауда балама теорияларының ең әйгілісі болып технологиялық үзіліс моделі табылады. Осы теория бойынша елдер тек өндірістік ресурстардың бар болуымен ғана ерекшеленеді, сонымен қатар техникалық

даму деңгейіменде ерекшеленеді. Бұл модельдің негізгі алғаш рет 1961 ж ағылшын экономисті М.Познердің еңбегінде салынды. Оның концепциясына сәйкес елдер арасындағы сауда бір сауда елінде пайда болған технологиялық өзгерістерден тууы мүмкін. Нәтижесінде техникалық жаңалығы бар немесе жоқ елдер арасында технологиялық үзіліс пайда болады. Сол үзілістің алдын алғанша елдер арасындағы сауда жалғаса береді. Масштаб эффект