аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 11

  • Просмотров 5788
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

теориясы. 80жылдардың басында П,Крюгман, К.Ланкастер Халықаралық саудаға классикалыққа балама ретінде масштаб эффектісі негізінде түсініктеме ұсынды. Бұл теорияға сәйкес елдерге өзара саудаласқан пайдалы, егерде жалпы өндіріс эффектісі бар болса.Ал ол төменгі шығынмен өнім шығаруға, сәйкесінше төмен бағамен, мүмкіндік береді. Масштаб эффект теориясы сауданы жалпы тауар айналымда үлес салмағы өсіп келе жаткан ұқсас тауарлар

мен негіздейді, елдер арасындағы сауданы шамамен бірдей үлестірілген өндіріс факторлармен түсіндіреді, жетілдірілмеген бәсеке нарығын ұсынады. “Өнімнің өмірлік циклі” теориясы 1966 ж Вернонмен жасалды. Онда әлемдік сауданың дамуын дайын өнімдермен олардың өмірлік кезеңдері негізінде түсіндіруге тырысқан. Бұл теорияға сәйкес, әрбір жаңа өнім өзіне 4 кезеңді қосатын өнімнің өмірлік циклынан өтеді. Олар: енгізу, кеңейту,

жетілу, ескіру. Салаішілік мамандану теориясы. Бэл Баласспен жасалған және интеграциялық бірлестік негізінде дамыған елдер бір-бірімен бір саланың дифференцияланған тауарларды сату жағдайын түсіндіреді. Мысалы: неміс автомобильдері шетелге сатылып, оның орнына япониялықтар сатылып алынады. Салаішілік сауда - елдер арасындағы бір саланың дифференциялық тауарлармен айырбас. Оны келесі себептерімен түсіндіруге болады:1) бір

тауар тобының шегінде үлкен таңдауда қажет ететін тұтынушылардың түрлі таңдауының болуы; 2) елдер көлемді нарығы бар өндіріс тауарларын экспорттайды; 3) масштаб эффектісі; Салаішілік сауда бірдей немесе өте ұқсас факторлар мен қамтамасыз ету жағдайында дамиды, тауарлардың дифференциясы көрсетіледі, экономикалық масштабтылығы теориясымен түсіндіріледі, өндірістің барлық факторлары бойынша кірістің өсуіне әкеледі.

Бір-бірімен басымды дамыған елдер саудаласады, сауда да басымды бөлімдер мен тауарлы компоненттер және дифференциалданған тауарлар. Столпер Самуэльсон теорисы. Столпер-Самуэльсон теориясның мәні - Халықаралық сауда бағасы өсіп жатқан тауар өндірісі үшін салыстырмалы ен интенсивті қолданылатын фактордың бағасының өсуіне және бағасы түсіп жатқан тауар өндірісі үшін салыстырмалы ең интенсивті қолданылатын фактор бағасының

түсуіне әкеледі. Теория келесі алғы шарттарға негізделеді: ел екі өндіріс факторын қолдана отырып екі тауар шығарады; бірде-бір тауар басқа бір өндіріс үшін қолданылмайды; абсолюттік бәсеке бар;факторлар ұсынысы тапсырылған: 1-ші тауар еңбекті көп қажет етеді, ал 2-ші тауарды өндіргенде жер көп қолданылады;екі факторда секторлар арасында еркін қозғалады, бірақ елдер арасында. 2.6. Майкл Портер бӘсекелестік артықшылық теориясы.