аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 13

  • Просмотров 6492
  • Скачиваний 37
  • Размер файла 40
    Кб

теориясы. 2.4. Леонтьев парадоксы. 2.5. Халықаралық сауданың балама теориясы. 2.6. Майкл Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы. СЕМИНАР ЖОСПАРЫ. 1-сабақ. 1. Халықаралық сауданың меркантилистік теориясы. 2. Абсолюттік артықшылық теориясы. 3. Салыстырмалы артықшылық теориясы. 2-сабақ. 1. Хекшер-Олин теориясы. 2. Хекшер-Самуэльсен теориясы. 3. Өндіріс факторларынын сәйкес келу теориясын тестілеу. Леонтьев парадоксы. 3-сабақ. 1.

Технологиялық үзіліс моделі. 2. Тауардың өмірлік цикл теориясы. 3. Масштаб эффект теориясы. 4-сабақ. 1. Салаішілік мамандану тоериясы. 2. Столпер-Самуэльсон теориясы. 3. М.Портердің бәсекелестік артықшылық теориясы. Детерминанттар және бәсекелестің артықшылық динамикасы. Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері Сарапшылардың болжамы бойынша 2005 жылдан 2030 жылға дейін әлемдік экономика көлемі 35 трлн. АҚШ долларынан 72 тлрн. долларға дейін

өседі. Ал енді өршіл нұсқа бойынша 2020 жылға дейін-ақ ол 100 трлн. долларға жетеді. АҚШ-тағы жоғары қарқын, Қытайдың серпінді өсуі әлемдік ІЖӨ-нің соңғы 30 жыл бойы байқалмаған жеделдікпен артуына жол ашты. Бұл елдер осынау аса маңызды көрсеткіштің 40% өсімін қамтамасыз етті. 2020 жылға дейінгі кезеңге жалпы әлемдік өсімнің жартысынан астамын американ, қытай және үнді экономикалары қамтамасыз етеді. Әлемнің аса ірі экономикалары

(халықтың сатып алу қабілеті бойынша) АҚШ 12457 1 28830 2 Қытай 8200 2 29590 1 Жапония 4008 3 6795 4 Үндістан 3718 4 13363 3 Германия 2426 5 4857 5 Ұлыбри- 1962 6 4189 6 тания Франция 1905 7 3831 7 Бразилия 1636 8 3823 8 Италия 1630 9 2884 10 Ресей 1542 10 3793 9 Дерек көз: Economіst Іntellіgence Unіt. ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ-пен қатар жаһандануға, өңірленуге, сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері “әлеует кіндіктеріне” айналады деп болжануда. Олардың маңызы артуын аса ірі

шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы, инвестициялау көлемінің ұлғаюы, ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорындардың құрылуы көрсетіп отыр. Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша, 2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіреді. ХВҚ, Бүкіл

әлемдік банк, Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің, ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды. 2007 жылы шешуші макроэконо­ми­ка­лық көрсеткіш 11 трлн. 880 млрд. теңге (99 млрд. доллар) деңгейінде болжанып отыр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3,5 есе ұлғайып, республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді. EІU сарапшыларының пікірі