аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 14
бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады. 2005 жылы 10,1 трлн. долларлық шепті еңсерген тауарлардың әлемдік саудасы және 2,4 трлн. доллар болған қызметтердің коммерциялық экспорты 2030 жылға қарай 27 трлн. долларға дейін өседі деп көзделуде. 2006 жылы әлемдік ІЖӨ-дегі оның үлесі алғаш рет 30%-дық белестен асып түсті, яғни әлемдегі әрбір үшінші өнім шетелге жолданған. 42,7% жаһандық тауар экспорты дамушы елдердің үлесіне келеді. Әлемдік экономиканың өсуіне Шығыс Азиядағы, Үндістандағы, Ресей мен Бразилиядағы тұтыну сұранысының жедел өсуі жәрдемдесуде. 2020 жылға қарай қытайлық тұтыну рыногы үш есе өсіп, көлемі жағынан америкалық рынокпен теңеседі. Азия континентінде ол әлемдегі ең үлкен рынокқа айналады. ҚХР-дың әлемдік саудадағы 2005 жылғы үлесі 11%-ды құрап, 1,42 трлн. долларға жетті, ал АҚШ-та – 2,9 трлн. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы сауда 600 млрд. долларға дейін өсті. Дамыған елдерге дамушы экономикалардан өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау соңғы 20 жылда үш есе артып, әлемдік жеткізілімдердің 40 пайызын құраған. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 65 пайызға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Дамушы елдер шикізат шылауы рөлінен арылып, индустриялық елдерге, ал дамыған елдер инновациялық, постиндустриялық елдерге айналуда. Әлемдік экономикада трансұлттық корпорациялардың рөлі өсуде, олар 62 млн. адам жұмыс істеп, жыл сайын 4 трлн. доллар экпорттық өнім көлемін, яғни әлемдегі көлемнің 40 пайызын шығаратын 77 мың туындатушы компанияны, 770 мың шетелдік филиалдарды қамтиды. 2000 жылы 100 ең ірі экономикалардың тізімінде 51 орынды трансұлттық корпорациялар алса, 49 орын ғана мемлекеттердің үлесіне тиген. Жаһанданудың қазіргі кезеңінде трансұлттық корпорациялар үшін өндірістік операцияларды, интеллектуалдық күш-қуат пен негізгі бизнеске бақылауды өсуші өңірлерге көшіру тән болып отыр. Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен, трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, 7 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұлар – “Шеврон”, Аджип, Миттал Стил, “Лукойл”, “LG”, “Филип Моррис”, “Гленкор” және басқалары. Оларда жұмыс істейтін адамдар саны 357 мыңнан асты. Өндірген өнімдерінің көлемі 2004 жылы 18,4 млрд. доллар болған. Әлемдік экономикада құрылымдық өзгерістер жалғасып жатыр. Бұл тұрғыда қызмет көрсету саласы алда келеді. Дамыған елдерде 70-80 пайызға дейін жеткен оның үлесі ұлғая түсуде. Іскерлік қызмет көрсету секторы өсіп келеді. 2010 жылға қарай іскерлік қызмет көрсету аутсорсингінің әлемдік рыногының жиынтық көлемі 110 млрд. долларды құрайды. Үндістан осы көлемнің жартысынан
Похожие работы
- Практические занятия