аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 15

  • Просмотров 6493
  • Скачиваний 37
  • Размер файла 40
    Кб

астамын қамтамасыз етеді. Басқарудағы консалтингтен түсетін табыс 100 млрд. долларға дейін өседі. Дамыған елдердегі ауыл шаруашы­лығының үлесі ІЖӨ-нің 3,8 пайызға жуығын (АҚШ-та – 1,8%), өнеркәсіптің үлесі 26 пайызды құрайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының үлесі – 8,3%, өнеркәсіптікі – 30,7%. Жаһандану жағдайында бұл салалар дамушы елдерде шикізат көздеріне жақындай түседі. Үндістанда ауыл шаруашылығының үлесі 24,9% болса, Қытайда ол

– 15,9%. Отын шикізатының және өндіруші өнеркәсіптегі басқа өнімдердің әлемдік саудадағы үлес салмағы 16 пайызға дейін өссе, ауыл шаруашылығыныкі 9 пайызға дейін төмендеген.   Мегарыноктар Әлемдік рыноктың аса ірі сегментте­рінде серпінді өзгерістер жүріп жатыр. Олардың бірін толымды ету жаңа сектор­лардың ұйымдасуын туындатуда. Басым сегменттер қатарында қауырт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік рыногын атауға болады.

Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны 30 трлн. дол­лардан 70 трлн. долларға дейін ұлғайған. 2007 жылы инвестициялық рыноктың көлемі 681 млрд. долларды құрайды. 1990 жылдан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында сауданың жоғары қарқынмен өсуі байқалып отыр, ол әлемдік эконо­мика серпінділігінен 2 есе асып түсті. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету рыногы 2004 жылы 2,2 трлн. доллардан артық

болды. Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) мен АКТ қызметінің әлемдік саудасында Ирландия мен АҚШ басым түсіп отыр. Мәселен, Ирландияның компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсету экспорты 2002 жылы 10,4 млрд. долларды, АҚШ-тың үлесі 6,9 млрд. долларды құрады. Болжамдар бойынша 1,8 трлн. дол­ларды құрайтын химия өнімдері әлемдік рыногының көлемі 2010 жылға қарай 2,4 трлн. долларға жетеді. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка химия

өнімдерінің аса ірі тұтынушылары және өндірушілері болып қалады. Үшінші орынға Қытай шығады. БҰҰ мәліметтері бойынша әлем­де жыл сайын 80 мыңға жуық түрлі химикаттар өндірілсе, 1,5 мың жаңа түрлері шығарылады. Химия талшықтарын шығару 35,6 млн. тоннадан асып түсті. Мұнайдың жоғары бағасы оның сату көлемін 1,7 трлн. долларға дейін жоғары­латты. Болжанып отырған бағаның 100 доллар/баррельге дейін өсуі және оның әлемдік

тұтынушыларының көбеюі сатуды 2 трлн. долларға дейін жеткізбек. Мұнай-газ рыногының көлемі 2,37 трлн. долларға жетті. Онда Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ алда келеді. Әлемдік әуе көлігі аралас салалармен бірлесіп, қызметтер мен тауарлар өндіруді 1,4 трлн. долларға дейін қамтамасыз етеді, соның ішінде жолаушылар тасымалы 326 млрд., жүк тасымалы 50 млрд. долларға жетті. 2005 жылы 2 млрд. жолаушы тасы­мал­данған. Олар халықаралық туризмнің