аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 16

  • Просмотров 6288
  • Скачиваний 36
  • Размер файла 40
    Кб

негізін құрап отыр. 2004 жылы “Эйр Астана” әлемдегі 225 жетекші авиакомпаниялар рейтингінде жолаушы айналымы бойынша 189-шы орында болды. 2006 жылы авиакомпа­нияның жолаушы айналымы 3,29 млрд. жолаушы/км құрады. Есептеулер бойынша, жеңіл автомо­бильдердің әлемдік өндірісі 2005 жылғы 56,6 млн. бірліктен 2010 жылға 63,3-68,9 млн. бірлікке дейін өседі, соның ішінде АҚШ-та – 12,7 млн., Жапонияда – 9,9, Қытайда – 6,48, ГФР-да – 5,3 млн. болмақ. Жалпы сату

сомасы 1,2 трлн. доллардан асып түседі деп күтілуде. 2004 жылы жеңіл автомобильдер паркі АҚШ-та 240 млн. данадан, ЕО-да – 206, Қытайда – 32, Ресейде – 27,2, Түркияда – 11,6, Қазақстанда – 1,2 млн. данадан асқан. Мотоциклдердің әлемдік өндірісі 39 млн. данаға дейін өсті. 580 компаниясы және 51 зауыты бар жапондық “Тойота” 2005 жылы өз мәшинелерін 170 елде сатуды 190,3 млрд. долларға дейін жеткізген, америкалық “Ford Motor Company” айналымы 177,1 млрд. доллар болса,

еуропалық трансұлт­тық “DaіmlerChrysler” компаниясы 149,8 млрд. долларға жеткізген. Қазақстанда барлық дерлік әлемдік маркалардың жолаушылар автомәши­нелерін сату 2000 жылғы 9,07 млрд. теңге­ден 2004 жылғы 68 млрд. теңгеге дейін өсті. Сол секілді пайдаланылған авто­мәшинелер мен олардың қосалқы бөлшектерін сату да ұлғайды. Қазақстан автомобильдер сатудың көлемі бойынша ТМД-да екінші орынға шықты. “БипекАвто” ЖШС-да 2006 жылы 2,5 мың

Нива және 1,5 мың Skoda автомобильдері құрастырылды. Біздің еліміз автомобильдер шығаруды және құрастыруды жүзеге асыратын 58-ші мемлекетке айналды. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 48-ші орын алады, 2007 жылы 45-ші орынға шығады деп күтілуде. Алкогольді ішімдіктер сатудың әлемдік көлемі 701 млрд. долларды құрайды, соның ішінде 331 млрд. – сыра, 270 млрд. – әлдеқайда күшті ішімдіктер, 100 млрд. доллар – шараптың үлесіне тиеді. Жиырма жылдан бері

сыра өндірісі мен тұтынуы үздіксіз өсіп келеді. Оны ішу жөнінен Қытай, шарап бойынша – Еуропа, арақтан Ресей алда келеді. Қазақстанда 2004 жылы 404 млн. доллардан асқан жалпы сату көлемінің 74,5 пайызы сыраның, 13 пайызы арақтың, 11 пайызы шараптың үлесіне тиесілі. 2006 жылы 486,4 млн. литр алкоголь өнімдері өндірілген. Кейбір бағалаулар бойынша фармацев­тік рыноктың көлемі 2006 жылы 640-650 млрд. долларға жеткен. Фармацевтикалық препараттар

сатудың 43 пайызы АҚШ-тың үлесіне келеді. Мұндай өнімдерді Қазақстанда сату көлемі 2000 жылғы 109 млн. доллардан 2004 жылғы 188,6 млн. долларға жетті. Дәрі-дәрмектерді өндіру 2006 жылы екі еседен астамға ұлғайып, 53,5 млн. доллар болды. Шетелдік туристер саны 2004 жылы 808 млн. адамнан асып түсті. Бағалаулар бойынша бұл қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар 592 млрд. долларды құрады. Туризмнің әлемдік индустрия­сына 100 млн. адам тартылған. 100