аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 17
аса ірі құрылыс компаниясының жиынтық айналымы 2004 жылы 579 млрд. долларға жетті. Жетекші инженер-құрылыс фирмалары қабылдаған шетелдік тапсырыстардың құны 2003 жылы 127,8 млрд. долларды құраса, құрылыс құрал-жабдықтарының рыногы 65,8 млрд. долларға дейін өскен. Құрылыс – Қазақстан экономикасының жедел даму үстіндегі саласы. 2006 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 8,2 млрд. доллардан асып түсті. Болат шығару рыногы 400 млрд. долларға жетеді. Бұл өнімнің халқаралық саудасы қытай экспортының өсуіне байланысты қиыншылық кешеді. Қазақстан әлемде болат балқыту жөнінен 28-ші орын алады. Көлік-логистика қызметінің әлемдік экспорты 350 млрд. долларға дейін өсті. Авиация техникасын сату рыногында ұшақ жасаушы “Боинг” және “Аэрбус” компанияларының арасындағы бәсеке шиеленісе түсті. АҚШ-тың жетекші авиакомпанияларының өз өнімдерін сату көлемі 253,1 млрд. долларға жетті. Жиһаз шығару 2004 жылы 218,5 млрд. еуроға дейін ұлғайды. Мұндай ұлғаю барлық құрлықтарда да жүріп жатыр. Соның ішінде Қытайда 19,4 млрд., Жапонияда 16,2 млрд. долларға дейін жетті. Спорт тауарларының дүние жүзіндегі рыногы 2006 жылы 175 млрд. долларға бағаланды, бұл 2000 жылғыдан екі есе дерлік көп, ал 2015 жылға қарай ол 240 млрд. доллар болады деп күтілуде. Қазақстанда 2000-2004 жылдары спорт тауарларын сату екі еседен астамға өсіп, 8,66 млрд. теңгеге дейін жетті. Жаңа экономика Әлемдік саудада жаңа, жоғары технологиялардың, ғылымды көп қажет ететін тауарлардың үлесі өсіп келеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа экономиканың негізгі мазмұнына айналды. Бұл индустрия жаһандық сипатқа көшті. 2006 жылы цифрлы технологияларды сату 2,6 трлн. еуро, соның ішінде байланыс қызметі 1 трлн. еуроға жетті, мұның өзі ауылшаруашылық өнімдерінің, тоқыма бұйымдар мен киімдердің сауда көлемінен асып түседі. АКТ-ның халықаралық саудасы 2003 жылы 933 млрд. долларға жетті. АКТ тауарларының экспорты мен қызметі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 2002 жылы 614 млрд. доллардан асып түсті. 2005 жылы сатылған ұялы телефондар саны 836 млн. дана болса, бұл байланыс абоненттерінің жалпы саны 2 млрд. адамнан артық болды. Бұл Жер шарының әрбір үшінші тұрғыны деген сөз. 2006 жылы бұл өнімді сату көлемі 113,5 млрд. доллар, ұялы байланыс қызметі 573 млрд. доллар болған. 2009 жылы ұялы телефондардың әлемдік рыногы 1086 млн. бірлікке, соның ішінде үшінші кезең шығарылымы 615 млн. бірлігіне жетеді деп күтіліп отыр. Ал телефондарды сату 121 млрд. долларды құрамақ. Осы өнімдер бойынша әлемдік сауданың 50,2 пайызы “Nokіa” мен “Motorola” үлесіне келмек. Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 8,4 млн. адамға жетті.
Похожие работы
- Доклады
- Рефераты
- Рефераты
- Рефераты
- Контрольные