аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 18

  • Просмотров 8076
  • Скачиваний 38
  • Размер файла 40
    Кб

Яғни елдің әрбір екінші тұрғыны қалтафонға ие. Бұл ТМД-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші көрсеткіш. Дербес компьютерлерді сату 2006 жылы 234,5 млн. данаға дейін өсті. Олар­дың әлемдегі жалпы саны 1 млрд. данаға жетті. 2007 жылы дербес компьютерлерді сату 254 млн. данаға дейін өсіп, сомасы 232 млрд. долларды құрамақ. Әсіресе, портативтік компьютерлерді сату жедел өсуде, олардың көлемі әлемдік рыноктың 31,4 пайызына жетті. Қазақстанда

2000-2004 жылдары компьютерлер мен бағдарламалық қамта­масыз етуді сату 2,4 млрд. теңгеден 37,7 млрд. теңгеге дейін, 15,7 есе өскен. 2006 жылы елімізде 1,05 млн. дербес компьютер болған, мұның өзі жалпы әлемдік деңгейден 2,3 есе аз. Осы қарқын сақталған жағдайда компьютерлендірудің бұл айырмашылығы 2-3 жылда еңсерілмек. Жартылай өткізгіш аспаптарды (ЖА) әлемдік сатудың жиынтығы 2006 жылы 254,7 млрд. долларға бағаланған. Дербес компьютерлер үшін

бұл өнімді жеткізіп беру 2005 жылғы 58 млрд. доллардан 2010 жылғы 84 млрд. долларға дейін өседі деп болжанады. Электрондық құрамалар рыногының жедел өсу үстіндегі сегменттері қатарында 2006 жылы 40,2 млрд. долларды құраған есте сақтау қондырғыларын, 38,2 млрд. доллар болған жалғастыру желілерін айтуға болады. Интернетті пайдаланушылар саны 1 млрд. адамнан асып түсті. АҚШ, Қытай, Жапония алда келеді. Америкалық Интернет-экономикада жетекші

төрттіктің ұстанымы нығая түсті. Олардың табыстары былайша өскен: “Mіcrosoft” – 37,8 млрд. долларға дейін, “Іntel” – 12,6 млрд., “Dell” – 9 млрд., “ІBM” – 8,7 млрд. долларға дейін. Қазақстанда, статистикалық мәліметтер бойынша, Интернетті 600 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл әлемдік деңгейден 4 есе аз. Іnternatіonal Telecommunіcatіon Unіon мәліметтері бойынша Қазақстан әр жүз адамға шаққанда пайдаланушылар саны жөнінен әлемде 147-ші орында. Бұл

Моңғолияның деңгейінен 2,7 есе, Қыр­ғыз­стандағыдан 2 есе аз. Ал Интернетті пайдаланушылардың жалпы саны жөнінен Қазақстан 87-ші орында. Орнатылған смартфондар саны 2003 жылғы 7,4 млн. данадан 2006 жылғы 69,5 млн. данаға дейін өскен, олардың саны 2011 жылы 190 млн. данаға жетпек. Оптоэлектрондық құрамдастарды (жарық диодтары, лазерлер, оптрондар және басқалар) сату 2006 жылғы 16,5 млрд. доллардан 2010 жылғы 31,8 млрд. долларға дейін өседі деп

болжанады. RFІD-жүйелер (радиолокиация жолымен нысандарды біріздендіру және мәліметтерді өңдеу технологиясы) әлемдік рыногының көлемі 2004 жылғы 1,5 млрд. еуродан 2010 жылы 22 млрд. еуроға жетеді деп күтілуде. Шыны талшықтарын жеткізіп беру 2005 жылы 68 млн. шақырымға жеткен. Лазерлер мен лазерлік жүйелерді сату 2004 жылы 60 млрд. еуродан асып түскен болатын. Электрондық сауда (несиелік карталар, телефондық банкинг, интернет дүкендер) жоғары