аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 19

  • Просмотров 8078
  • Скачиваний 38
  • Размер файла 40
    Кб

қарқынмен дамып отыр. Әлемде электронды коммерция көлемі 1999 жылғы 98,4 млрд. доллардан 2004 жылғы 6800 млрд. долларға дейін өсті. 150 миллионнан астам америкалық, 100 миллионнан астам еуропалық оның қызметін пайдаланады. АҚШ-та ғана бұл бизнеске 820 мың компания тартылған. Қазіргі кезде 1,3 миллиардтан астам пластикалық төлем карточкалары шығарылған. Олар бойынша жыл сайынғы әлемдік айналым 3 трлн. доллардан асып жығылады. Төлем

карточкалары 20 миллионнан астам сауда-сервистік кәсіпорындарда қабылданады. Жарты миллионға жуық банк бөлімшелері сол карточкалар бойынша операциялар жүргізеді, 43 елде 700 мыңнан астам банкоматтар жұмыс істейді. 2005 жылы пластикалық карточкалардың әлемдік рыногында “Vіsa” үлесі 49,6 пайыз, “MasterCard” үлесі 23,9 “Amerіcan Express” үлесі 14,3 пайыз болды. Қазақстанда төлем карттарын 4 миллионнан астам адам пайдаланады. 20 банкі карттар

шығарады. 2006 жылы 2,3 мың банкомат, 10,7 мың РОS терминалдар болды. Республикада 30-ға жуық интер­нет-дүкендер ашылған. Төлем карттарды пайдалану арқылы жасалған операция­лардың жалпы көлемі 2003 жылғы 396,1 млрд. теңгеден 2006 жылғы 1428 млрд. теңгеге дейін артты. Өсу қарқыны орташа әлемдік деңгейден жоғары. Ғарыштық экономика дамып келеді. “Galіleo” жүйесінің навигациялық қызмет көрсету рыногы болжам бойынша 2020 жылға қарай 250 млрд.

еуроға жетпек, оның табыстары бұл жүйені құруға кеткен шығындардан 5 есе артық болады. Спутниктік операторлардың айналымы 86,8 млрд. долларға жетіп отыр. Қазақстанда ғарыштық бағдарлама жасалып қабылданған және іске асыры­луда. Маманданған ұйымдар құрылып, алғашқы отандық спутник ұшырылды, Ақкөлде басқару орталығы ашылды. Таяу­дағы болашақта қашықтықтан оқы­туды, спутниктік навигациялық жүйені және байланысты жаңаша

пайдалану жолға қойылады. Сондай-ақ ғарыштан жерді және оның атмосферасын зондтау қызметін пайдалану мүмкін болады. Бұл міндеттерді шешуге “Бәйтерек” зымыран­дық-ғарыштық кешені көмектесетіні анық.