аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 2

  • Просмотров 5552
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

шектеді, сондай-ақ оларды орталық­тан­ды­рыл­ған басқару органдарына тәуелді етіп қойды. Қазақстанның егемендік алуымен республикадағы сырт­қы экономикалық қызметті түбегейлі демократия­лан­дыру, осы саладағы барлық меншік нысандарындағы, оның ішінде тұтыну кооперацияларындағы кәсіпорындардың дербестігін маңызды түрде кеңейту бойынша шаралар іске асырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы

Конститу­ци­я­­сының ережелері негізінде Қазақстандағы сыртқы эконо­ми­калық қызметті басқару жүйесін одан әрі дамыту жал­ғас­тырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі анық­тай­тын тізім бойынша экспортқа мемлекеттік монополия өнім­­дердің жекелеген түрлеріне ғана белгіленеді. ҚР Конституциясымен қаралған, мемлекеттік билік ор­ган­дарының жүйесіне, биліктің үш тармағы: заң шыға­ру­шы,

атқарушы және сот билігі кіреді. Ұйымдар мен кәсіпорындар сыртқы нарықта жұмыс іс­теу кезінде өздерін кең түрде көрсете алуына мүм­кін­дік­тері бар. Дегенмен, олардың дербестігі шексіз емес, олар үш билік тармағы мен жер-жердегі басқару органдарының ықпалды әсерінде болады. Қазақстан Республикасындағы заң билігі, екі палатадан тұратын ҚР парламенті атынан жү­зеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы жоғары сот

билігі Кон­сти­туциялық Кеңеспен, Жоғары сотпен және Жоғары Тө­ре­лік сотпен жүзеге асырылады. Сот жүйесінің негізгі та­ғай­ындалуы сыртқы экономикалық қызмет аясындағы – отан­дық, сол сияқты шетелдік кәсіпорындар мен кәсіп­кер­лер­­дің заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын қарайды. Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы сырт­қы экономикалық қызмет пен оны басқару заң

акті­ле­рімен реттеледі. Заң актілерімен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР үкіметінің, яғни атқарушы биліктің қау­лы­лары мен жарғылары бірінші кезектегі маңызға ие. Сыртқы экономикалық қызметті басқаруда Қазақ­стан­да атқарушы билік органдары маңызды рөл атқарады: ҚР сыртқы экономикалық байланыстар Министр­лігі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының шешім­де­рі­не сәйкес, мемлекеттік сыртқы

эконо­ми­калық саясатты жа­сау және оны жүзеге асырумен, СЭҚ-ті үйлестіру және рет­теумен айналысады. Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ҚР сыртқы сауда және төлем баланстарына болжамдар жасау­ды әзірлеуге, халықаралық экономикалық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың жұмысына қатысады, ха­лық­аралық шарттар жасау туралы ұсыныстар әзірлейді жә­не ҚР Үкіметінің тапсыруы бойынша шарттар жасайды.