аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 3

  • Просмотров 5513
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі (СЭБМ) сауда өкілдіктерінің, сауда Кеңесшілері аппарат­та­ры­ның және Қазақстан Республикасы елшіліктерінің сау­да-экономикалық мәселелері бойынша атташесі қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Сауда экономикасы министрлігі мемлекеттік эко­но­микалық саясатты жүзеге асырады. Мүдделі министр­лік­тер мен ведомстволардың қатысуымен сыртқы экономика­лық саясатты

қалыптастыру, СЭБ-ті дамыту, экономика­лық байланыстар мәселелері бойынша үкіметаралық шарт­тар жасау бойынша ұсыныстарды әзірлейді. ҚР Мемлекеттік кеден комитеті (МКК) респ­уб­ли­ка­ның кеден саясатын жасау және оны жүзеге асыруға қа­ты­насушы, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы ор­та­лық құқыққорғау органы болып саналады. ҚР Ұлттық банкі республиканың бас банкі болып саналады және соның меншігінде

болады. Ол мемлекеттік биліктің басқарушы және атқарушы органдарына тәуелсіз және өзінің қызметінде Ұлттық банкі туралы Заңды және басқа заң актілерін басшылыққа алады. Республика Ұлттық банкі шетел валютасындағы кез келген операцияны ше­тел­де, сондай-ақ республиканың өзінде жүзеге асыруға құқы бар. Сыртқы істер министрлігі. ҚР мемлекеттік салық қызметі. ҚР білім және ғылым министрлігі және атқару билігінің басқа

министрліктері (мысалы, отын, энергетика, көлік министрлігі және т.б.). 2.2. Аймақтар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жалпы қа­ғи­даларына (принциптеріне) сәйкес заң актілері, ҚР Пре­зи­ден­тінің жарлықтары мен өкімдері, атқарушы билік орган­да­рының нормативтік актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген тәртіпте қолданылады.

Осы­лар­дың барлығы, республика аймақтарының шетелдегі мем­лекеттермен, олардың фирмаларымен сыртқы қа­ты­нас­тар аясында ешқандай құқы жоқ дегенді білдірмейді. Мәселен, аймақтық билік органдарының келісімінсіз, қандай да бір аймақтық мүдделерін қозғайтын, мемлекет­тік деңгейде, сыртқы экономикалық қызметтер аясында ма­ңыз­ды бір жақты шешімдер қабылдау мүмкін емес, өйткені барлық салмақ пен ауырлық сол

аймақтардың өздеріне тү­се­ді. Енді, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіпті аймақтарының бірі – Қарағанды облысының сыртқы экономикалық қыз­ме­тін қалай басқару, қалай ұйымдастыруға болатындығын қарастырып көрелік. Қазақстанның басқа аймақтарындағы сияқты, Қара­ған­­ды облысында да биліктің үш тармағы өз билігін жүр­гі­зе­ді. Заң билігі – биліктің өкілетті органы болып санала­тын, облыстық маслихат;