аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 4

  • Просмотров 5536
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

атқарушы билік – облыс әкім­ші­лі­гі, әкімият, сот билігі соттар жүйесі арқылы таныс­ты­рыл­ған. Облыс орталығы – Қарағанды қаласы. Қалалық мәсли­хат, қала әкімшілігі, соттар билік жүргізеді. ҚР Консти­ту­ция­сымен анықталатын өздерінің өкілеттіктері, басқа заң актілері шеңберінде, аймақтық биліктің әрбір тармақтары облыс аумағында орналасқан сыртқы экономикалық бай­ла­ныс жасауға қатысушылардың

қызметін бақылау мен бас­қа­руды жүзеге асырады. Облыс әкімшілігі мен оның халықаралық және сырт­қы экономикалық байланыстар жөніндегі құрылымдық бө­лімінің облыс деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті жедел басқарудағы маңызы зор. Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі облыс әкімшілігі бөлімінің негізгі қызметі: сыртқы экономикалық қызметтің басым бағыт­та­рын анықтау және облыстың халықаралық

бай­ла­ныс­тарын дамыту; шетел инвестицияларын тарту туралы мәселелерді үйлестіру, шетел капиталын қатыстырумен ірі эко­но­микалық жобаларды жүзеге асыруға бақылау жа­сау; облыстың экспорттық әлеуетіне (потенциалына) талдау жасау, оны пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, шетел делегацияларын қабылдау, олардың облысты аралауын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен мәдени және басқа байланыстар орнату; облыстың

валюталық қорына қаржылардың түсуі мен оның жұмсалуына, сыртқы экономикалық қыз­­­­­мет аясындағы заңдардың сақталуына бақылау жа­сау; облыстың сыртқы экономикалық қызметінің мәсе­лелері бойынша заң актілерінің жобасын әзірлеу, көрмелер, семинарлар, таныстырулар, оқу мен тәжірибе-сынақтардан өтуді ұйымдастыру; облысқа берілген өкілеттіктер шеңберінде экспорт пен импортты квоталау мен лицензиялауды жүзеге

асыру; облыс аумағына шет ел капиталын қатыстыратын инвестициялық жобаларға сараптық баға беру; облыстағы сыртқыэкономикалық қызмет пен ха­лық­аралық байланыстардың (кеңестер, конферен­ци­я­лар, келіссөздер, таныстырулар және т.б.) бо­ла­шақ және ағымдағы жоспарларын даярлау; облыс аумағында біртұтас сыртқы экономикалық саясат жүргізу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімшіліктерімен сыртқы

экономикалық қызметті үйлестіру. Қарағанды облысындағы сыртқы экономикалық қыз­метті басқару жөніндегі бүкіл жұмыстар облыстық мәслихатпен, қалалар әкімшіліктерімен, Қарағанды сауда-өнеркәсіп палатасымен және Қарағанды кеден басқар­ма­сы­мен, ірі банктермен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі. 2.3. Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру Қазақстан