аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 5

  • Просмотров 5527
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес, кәсіпорындар сыртқы нарықтағы жұмыстарының формаларын, әдістерін және көлемін өз беттерімен анық­тау құқына ие. Сыртқы экономикалық қызметті жеке-дара иемденуді жою (демонополиялау) жағдайында, кәсіп­орын­дар, республикадағы бүкіл сыртқы экономикалық ке­ше­ні­нің дербес әрекет етуші шаруашылық жүргізу субъектісі бо­лып саналады. Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы

экономикалық қыз­мет­ті ұйымдастыру формалары маңызды шекте, олар ше­шуге тиісті міндеттермен және мақсаттармен анақталады. Сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігінің мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдары сыртқы эко­но­микалық қызметті басқаруда айтарлықтай тәжірибе жи­нақ­таған. Белгілі бір тауарлармен сауда жасауға маманданған фир­малар сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) жетекші құ­ры­лымдық

бірліктері болып саналады. Фирмаларды ди­рек­тор немесе оның орынбасары басқарады. Мамандандырылған фирмалар мен сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) функционалдық бөлімдері мен қызметтерін үш топқа бөлуге болады: Жоспарлауды жүзеге асырушы топтардың бөлімдері: а) жоспарлау-экономикалық бөлімі; б) валюта-қаржылық бөлімі; в) көлік бөлімі; г) бухгалтерия. Маркетингпен айналысатын топтардың бөлімдері: а) конъюнктуралар және

бағалар бөлімі; б) жарнамалар және көрмелер бөлімі; в) инженерлік-техникалық бөлім; г) бірлескен кәсіпорындар бөлімі; д) техникалық қызмет көрсету бөлімі. Басқару шешімдерін қабылдау мен пайдалануды қам­та­масыз етуші топтардың бөлімдері: а) дамыту бөлімі; б) АСУ, ВУ бөлімі; в) шетел іс сапарлары бөлімі; г) канцелярия, заң, хаттама бөлімдері; д) әкімшілік-шаруашылық бөлімі. А.М. Прибульский өзінің еңбегінде (А.М. Прибуль­ский,

Стратегия и тактика ведения внешнеэкономической деятельности в условиях долговременного экономического кри­зиса в переходный период. Караганды, 1996) Қазақ­стан­ның мұнайхимия кәсіпорындары шеңберіндегі сыртқы эко­но­микалық қызметті жүргізу тәжірибесін жинақтап қо­рыт­ты. Жұмыс ашық әлемдік нарық жағдайында сыртқы эко­но­микалық қызметті жүргізудің дәстүрлі сыни тұрғыдан ба­ға береді. Өйткені, көптеген

кәсіпорындарда сыртқы экономи­калық қызмет бөлімдері әлі құрылмаған немесе жаңа-жаңа құрылу үстінде, ал Қазақстанның мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін (СЭҚ) ұйымдастыру тәжірибесі нақты мысалдар арқылы іс жүзінде қызығушылық туғызып отыр. 1.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ. Халықаралық экономика, микро-макроэкономика мен қатар экономикалық теорияның құрамдас бөлігі