аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 6

  • Просмотров 5517
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

болып табылады. Халықаралық экономика – ұлттық экономикалардың тауарлардың халықаралық қозғалысы, қызмет көрсету, өндіріс факторлары және мемлекеттің халықаралық экономикалық саясатын құру саласында қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады. Халықаралық экономиканың зерттеу пәні дербес болып келіп, микро-макроэкономиканың зерттеу обьектілерінен өзгешеленеді. Халықаралық

экономика теориясының обьектісі болып: - Халықаралық масштабта шаруашылық өмірді ұйымдастыру жүйесі нарығының дамуы және қызмет ету заңдылықтары. - Әлемдік нарықта тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары. - Сыртқы сауданың даму тенденциясы (қарқыны). - Халықаралық экономиканың қызметін қамтамасыз ететін халықаралық қаражаттарды зерттеу. - Әр түрлі тәуелсіз мемлекеттер

резиденттері мен келісетін келісім шарттар. - Халықаралық экономиканы реттеудің институционалды құрылымы. Бірдей экономикалық құбылыстар мен процесстер өту орнына-ұлттық шаруашылық ішінде немесе халықаралық экономика саласында болуына байланысты өз мазмұнын өзгертеді. Халықаралық экономика саласындағы экономикалық қатынастардың ұлтішілік қатынастардың ерекшелігі, мынамен анықталады. Мемлекеттер өз шекараларында

тауарлар қозғалысы, қызметтер және өндіріс факторларының қозғалысына шектеу қояды. Сонымен қатар оларға тілдегі және заңдағы айырмашылықтар тежеу болады. Ішкі және сыртқы экономика арасында ерекшеліктер бар. Халықаралық экономиканың құрылымдық теориясы, халықаралық микроэкономика мен халықаралық макроэкономикадан тұрады. Халықаралық микроэкономика нақты тауарлар қозғалысы мен оны халықаралық масштабта өндіру

заңдылықтарын ашады. Халықаралық макроэкономика ашық экономикалардың модельдері мен, халықаралық валюталық және төлем жүйелерінің құрылымы мен принциптерін зерттейді. Халықаралық экономика теориясы абстракция және моделирование әдістерін қолданады. Негізделген сараптау әдістері кеңінен қолданылады: қызметті, графиктік және шектік. Методологиялық жоспарда халықаралық экономика толығымен, мемлекеттер арасындағы

қатынастардың экономикалық саласында ортақ микро және макроэкономикалық қағидалардың қолданысы болып табылады. 1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН МӘНІ. Халықаралық экономиканың пайда болуының себептері мен шарттары болып, халықаралық еңбек бөлінісі болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық нарыққа шығу мақсатында ішкі қажеттіліктерден тыс қызметтермен тауарларды өндіруде өз көрінісін табады.