аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 8

  • Просмотров 5508
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

байланыспаған, дербес халықаралық қаржылық жүйе; 5. Экономиканы халықаралық реттеудің мемлекетаралық және мемлекет үстілік тетіктер жүйесі; 6. Ашық экономика қағидаларынан шығатын мемлекеттердің экономикалық саясаты; Халықаралық экономика, халықаралық экономикалық қатынастардың нақты формаларында өз көрінісін табады. Оларға: халықаралық сауда (қызметтер мен тауарлар) өндіріс факторларының Халықаралық қозғалысы (капитал,

жұмыс күші, технология) қаржылық құралдармен халықаралық сауда, халықаралық есеп айырысулар жатады. 2.1. Халықаралық сауданың классикалық теориясы. Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан

шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет. Смит елдердің халықаралық сауданы дамытуға мүдделі екенін көрсетті, өйткені олардың экспортер немесе импортер болатынынан тәуелсіз олар жеңіп отырды. Егерде басқа елге, қарағанда бір тауарды белгілі бір шығын бірлігінде көп өндіре алатын болса, онда ол ел абсолютті артықшылыққа ие. Мұндай абсолютті артықшылықтар нақты

факторлардан тууы мүмкін-ерекше климаттық жағдай немесе табиғи ресурстардың болуы. Табиғи артықшылықтар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру өндірісінде маңызды роль атқарады. Елдер арасында сауда қатынастарын орнатқаннан кейін сыртқы сауда ағымдарының бағыты өндіріс шығындарының қатынастарының айырмасымен бағытталады. А.Смит көзқарасы кейіннен Д.Рикардомен толықтырылып, дамытылды. Ол салыстырмалы шығындар теориясын

қалыптастырды. Бұл теорияға сәйкес, егерде елдің абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда 2 елге де табыс әкеледі. Салыстырмалы шығындар теориясында балама баға немесе орнын басу шығыны түсінігі қолданылады. Бұл түсінік өндіріске жұмсалған жұмыс уақытының саны арқылы ішкі нарықтағы екі тауарлы бірліктің бағасын қарапайым салыстырумен түсіндіріледі. Орнын басу шығыны түсінігі мазмұны бойынша балама бағаға эквивалентті.

Балама баға-басқа тауар бірлігін шығаруға қажетті жұмыс уақытымен өрнектелген бір тауар бірлігін шығаруға қажетті жұмыс уақыты. 2.2. Өндірістің балама шығындар теориясы. Қазіргі батыстық экономистер Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытып балама шығындар моделіне модификациялады. Оның авторы Г.Хаберлер. Г.Хаберлер екі тауар шығарылатын екі ел экономикасын сараптайды. Д.Рикардоның теориясынан айырмашылығы