аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру — страница 9

  • Просмотров 5535
  • Скачиваний 34
  • Размер файла 40
    Кб

екі тауарды өндіруге барлық ресурстарды және ең жақсы технологияны қолданғандағы өндірістік мүмкіндіктердің әр елге қисығын тұрғызған, бұл олардың нақты ара-қатынастарын көрсетеді. Тауардың балама шығыны аз ел оның өндірісінде және экспортта салыстырмалы артықшылыққа ие. 2.3. Хекшер-Олинниң халықаралық сауда теориясы. ХIX ғасыр кезінде құнның еңбектік теориясы бірте-бірте өндірістің факторлар теориясының түрлі нұсқаларымен

ығыстырылды. Неоклассик экономистер халықаралық сауданы өндірістін факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Өндірістің факторлар ара-қатынысы теориясы көптеген жорамалдарға негізделген. Олар: 1. екі ел; 2. екі тауар, бірі еңбекті көп қажет етеді, ал бірі капиталды көп қажет етеді; 3. өндірістің екі факторы (еқбек және капитал) 4. әр ел түрлі деңгейде өндіріс факторларымен үлестірілген; 5. екі ел де бірдей технология; Осылайша

факторлар ара-қатынас теориясының маңызды жорамалдары болып, жеке тауарлардың түрлі факторинтенсивтілігі мен және елдердегі түрлі фактортолықтылық . Факторинтенсивтілік – белгілі тауарды жасау үшін өндірістің салыстырмалы шығындар факторының көрсеткіш. Фактортолықтылық - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілуін анықтайтын көрсеткіш. Түрлі салыстырмалы өндіріс факторларымен қамтамасыз етілу

теориясы халықаралық сауданың негізі ретінде Хекшер-Олин теоремасы түрінде берілген. Хекшер-Олиннің теориясына сәйкес әр ел өндіріс үшін қажетті салыстырмалы артық өндіріс факторлары бар факторинтенсивті тауарды экспорттайды, ал өндіріс үшін өндіріс факторлары жетіспейтін тауарларды импорттайды.Осылайша жасырын түрде артық өндіріс факторлары экспорттылық, дефицит өндіріс факторлары импортталады. Бірақ та осы кезде

назар аударатыны, ал елдері факторлардың саны емес, ал оның фактор мен салыстырмалы қамтамасыз етілуі. Хекшер-Олин Самуэльсонның теоремасы бұл Хекшер-Олин теоремасы негізінде Самуэльсонмен шығарылған өндіріс факторларын бағаға теңестіру теоремасы. Теореманың мазмұны- халықаралық сауда өзара саудаласатын елдерде бірдей өндіріс факторларына деген абсолютті және салыстырмалы бағаны теңестіруге әкеледі. Теорияға сәйкес

барлық сатушы елдерде бірыңғай білікті және өндірістік еңбекке жалақы мөлшері, сонымен қатар, бірдей өндірістік пен бірдей тәуекел дәрежесі бар капитал мөлшері де бірдей болу қажет. Тауарлар мен өндіріс факторларына деген бағаны толық теңестіру халықаралық сауданың тоқталуына әкелетіні теориялық рұқсат етілген. Бірақ та нақты әлемде өндіріс факторларының бағасы балансталмаған. Елдер арасында еңбек ақы деңгейімен басқа