Білім беру ж не о ам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ Жылуэнергетика факультеті Әлеуметтік пәндер кафедрасы Социология пәні бойынша №2 – семестрлік жұмыс Тақырыбы: «Білім беру және қоғам» Орындаған: БАУк-09-4 тобының студенті Абдикаримұлы Ш. Қабылдаған:доцент Орынбекова Д.С. Алматы 2011 Мазмұны I.Кіріспе .................................................................................................................. 3 II.Негізгі бөлім: 1)Әлеуметтану........................................................................................................ 4 2)Әлеуметтанудың негізгі категориялары....................... ................................... 6 3)Әлеуметтік іс-әрекет ...........................................................................................8 III.Қорытынды ......................................................................................................12 IV. Пайдаланылған әдебиеттер .......................................................................... 13 КІРІСПЕ Әлеуметтану ғылымдардың ішінде біршама жас ғылым болып саналады. Оның негізгі қызметі – әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу. Әлеуметтану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Оның алуан түрлі категориялары бар. Бұған адам өмір сүретін қоғамға тән барлық қасиеттер кіреді. Атап айтсақ: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық», т.б. Сонымен қатар әлеуметтану ғылымы екі үлкен категорияға аса үлкен назар аударады. Ол – қоғам және тұлға. Себебі әр саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Тұлғаның әр әлеуметтік іс-әрекеті социологиялық проблемалар мен құбылыстарды дұрыс түсініп, оларды шеше алатын жағдайға жетуге және жалпы әлеуметтік білімін жетілдіруге негіз бола алады және қоғамның дамуына да үлесін қосады. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Әлеуметтану Әлеуметтану (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады
Похожие работы
- Практические занятия
- Рефераты
- Рефераты